«Adal» партиясы қоғам өмірінің барлық саласында кең ауқымды жаңғырту ісіне кіріседі. Біз алға қойған барлық мақсатқа қол жеткізуіміз қажет. Күнделікті жұмысымыздың, іс-әрекетіміздің мәні азаматтарымызға қамқорлық екендігін көрсеткіміз керек. Бұл партия жұмысының мәні деп санаймыз. Партия бағдарламасы 5 негізгі басымдықтан тұрады. Олар: Барлық азаматқа лайықты өмір; Кәсіпкерлік – табысты мемлекеттің негізі; АӨК-ті дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі; Қуатты өңір – қуатты ел; Мемлекет адамдар үшін«,- деді «ADAL» саяси партиясы саяси кеңесінің мүшесі Олжас Ордабаев.
Бұған дейін «Adal» саяси партиясының кезектен тыс VII съезінде Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітілгенін хабарлаған едік.