Ақтау жұртшылығымен кездесуге Мәжіліске депутаттыққа кандидаттар Эльдар Жұмағазиев, Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Ләззат Чинкибаева, сондай-ақ партия өкілдері Нұрлыбек Мұқанов, Әнуар Керембаев қатысты.
Жиында кандидаттар өз партияларының бағдарламалары мен мақсат-міндеттері жөнінде әңгімеледі.
Эльдар Жұмағазиев партияның Өңірлерді дамытудың қолданыстағы стандарттары туралы айтты.
Ақтаудағы кездесулермен қатар, «ADAL» үміткерлері Солтүстік Қазақстан облысында да тұрғындармен кездесуін жалғастыруда. Қазіргі уақытта ол жақта Ақмарал Бекмурзаева мен Алина Асқарова кездесу өткізеді.