«ADAL» партиясынан депутаттыққа кандидаттар Қостанай тұрғындарымен кездесті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін «ADAL» партиясының депутаттыққа кандидаттар - Олжас Ордабаев, Ақмарал Бекмұрзаева және партия хатшысы Нұрлыбек Мұқанов Қостанай қаласының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өткен кездесу барысында Олжас Ордабаев партия бағдарламасы мен сайт туралы хабардар етті.

Тұрғындар бірқатар мәселелерді ортаға салды. Олардың ішінде - ауыл шаруашылығы үшін жердің жетіспеушілігі, фермерлердің ескірген техникасы, тозған коммуналдық желілер бар.

Сондай-ақ, тұрғындар ыстық суды өшіру мәселесін де атап өтті.

Заречный ауылының тұрғындары нашар инфрақұрылым мен көлік жұмысы туралы айтты.

Қызылордадағы кездесулер де өте мазмұнды болды. Оларды Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Алмасбек Садырбаев, Дәулет Мұқаев жүргізді.

Жергілікті тұрғындар тегін медицина, білім беру жүйесі - университеттердегі практикалық сабақтардың 60% -ға дейін ұлғаюы, баспана алғысы келетіндерге нақты көмек ретінде сертификат беру мәселесін көтерді.

Қызу пікірталас ауылшаруашылық қажеттіліктеріне жер беру мәселесінен туындады.

«ADAL» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Лаззат Шыңғысбаева Алматы облысы, Үшарал қаласының тұрғындарымен кездесті.