Бүгін Алматы облысының тұрғындарымен осындай кездесулерді кандидат Ләззат Шыңғысбаева да өткізді. Атап айтқанда, ол Балқаш ауданында Бақанас ауылының тұрғындарымен кездесті.
Ауыл тұрғындары ипотека бойынша сатып алынған тұрғын үй үшін артық төлем сомасы тым үлкен екендігіне наразы болды.
Көпбалалы ана азық-түлік бағасының тұрақты өсуіне шағымданды.
Ауылдың тағы бір тұрғыны бюджет қаржысының қаншалықты тиімді жұмсалатынына алаңдаушылық білдірді.
Атырау облысындағы қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Мақсат Толықбай мен Дәулет Мұқаев онлайн-режимде халықпен кездесу өткізді. Олар партияның мақса-міндетері туралы айтты.