«ADAL» партиясының өкілдері Тобыл және Рудный тұрғындарымен кездесті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «ADAL» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Олжас Ордабаев, Ақмарал Бекмұрзаева және партия хатшысы Нұрлыбек Мұқанов Қостанай облысының Затобол ауданы Тобыл қаласының және Рудный қаласының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмарал Бекмурзаева партия сервистерінің жұмысы туралы айтып берді. Ал Олжас Ордабаев саяси ұйымның партия бағдарламасымен хабардар етті.

Мәжіліс депутаттығына кандидат Ләззат Шыңғысбаева Жансүгіров ауылы және Сарқан қаласының тұрғындарымен жүздесті.

Кездесулер көрсетіп отырғандай, кейбір адамдар бизнесті қалай ашу, өз ісін неден бастау керектігін білмейді. Кандидат осы мәселеде адамдарға көмектесе алатын сайт қызметтері туралы айтты.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Мақсат Толықбай, Дәулет Мұқаев, Ғалымбек Жақсылықов Қызылорда облысы Қорған, Шиелі ауылдарының тұрғындарымен жүздесті.

Дәулет Мұқаев партияның веб-сайты арқылы Жаңақорған ауданына бөлінген 22 млрд теңгенің не үшін жұмсалып жатқанын көрсетті.