«Адал жол - Честный путь» марафоны: 18 мыңнан астам ақмолалық қатысты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 18 мыңнан астам адам қатысқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол - Честный путь» марафоны өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Аталмыш марафон Ақмола облысында осыменбесінші жыл өтуде. Ағымдағы жылы марафон 1 наурызда Көкшетау қаласынанбасталды. Бүгінгі күні марафон Көкшетау және Степногор қалаларында,Еңбекшілдер, Бурабай, Бұланды, Ақкөл, Шортанды, Ерейментау, Аршалы, Целиноград,Қоргалжын, Біржан сал аудандарында өтіп, оған он сегіз мыңнан астам ақмолалыққатысты. Бүгін марафонның эстафетасы Астрахан ауданына жіберілді», дейдіведомстводан.

Марафон шеңберінде түрлі форматта 268 іс-шараөткізілді. Олардың ішінде брейн-рингтер, event-кездесулер, суреттер менбейнероликтер байқаулары, дебаттар, флешмобтар, автошерулер, тренингтер,кездесулер, дәрістер мен семинарлар ұйымдастырылды.

«Марафонның басты мақсаты – жемқорлыққа қарсықозғалысқа барша ақмолалықтарды тарту, жемқорлыққа қарсы істе қоғам менмемлекеттің күшін біріктіру, жемқорлыққа қарсы мәдениетті және оған төзбеушілікұстанымын қалыптастыру. Бүгінгі таңда марафон республика бойынша барлықоблыстарда өткізілуде, бірақ бастапқыда ол Ақмола облысында 2015 жылы бастауалғанын атап өткен жөн. Жергілікті халықтың көрсеткен қолдауы оның еліміздіңбасқа өңірлерінде жалғасуына өз септігін тигізді», деп толықтырды ведомстводан.

Марафонның жұмысы желтоқсан айында Халықаралықжемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылатын форуммен аяқталады.Форумда марафонның жеңімпаздары мен белсенді қатысушылары марапатталады.