«Головкинде мұндай жойқын күш ата-бабасынан дарыған», - дедi ол.
«Головкиннiң деңгейi Штурм мен Мартинестен екi есе жоғары. Мюррей Штурм мен Мартинестi жеңе алатынын дәлелдедi. Менiңше, сол жекпе-жектерден соң оның өзiне деген сенiмi артты. Сондықтан, ол боксшы ретiнде қазiр күштiрек. Солай болғаны да дұрыс, себебi Головкин ол екеуiнен екi есе мықты. Мен жекпе-жекке болжам айтпаймын. Маған Мюррей ұнайды, бiрақ оны аса ауыр айқас күтiп тұр. Мюррей Головкинге бұның алдында ешкiм қоя алмаған сұрақ қоя алады деп сенемiн», - дедi ол.