Адам денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар ауруларының тiзбесi бекітілді

АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің №18-03/127 бұйрығымен жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесi бекітілді.

***

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №18-03/127

2012 жылғы 28 наурыз  Астана қаласы

Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiн бекіту туралы

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 30 бабы 3-тармағына сәйкес, бұйырамын:

1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесi бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Министр А. Мамытбеков

 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы №18-03/127 бұйрығына қосымша

Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесi

1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ ұшалары залалсыздандырылатын (зарарсыздандырылатын) аурулар:

1) жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар - цистицеркоз (аумағы 40 шаршы сантиметр ет кесіндісінде 3 артық емес цистицеркозбен зақымданған), бруцеллез (ұсақ мал бруцеллезын қоспағанда), туберкулез, Ауески ауруы, везикулярлі стоматит, лейкоз, лептоспироз, листериоз, пастереллез, паратуберкулез, кампилобактериоз, фузариотоксикоз, ку лихорадкасы;

2) ірi қара малдың аурулары - сиырдың алаөкпесі, сиырдың зілді қызбасы, сиырдың вирустық диареясы, сиырдың жұқпалы ринотрахеиті, парагрипп;

3) қой және ешкі аурулары - қой мен ешкінің жұқпалы агалактиясы, ешкінің жұғымтал плевропневмониясы, қойдың хламидиозды іш тастауы, жұғымтал эктима, қойдың жұқпалы маститі, қойдың жұқпалы эпидидимиті;

4) жылқы аурулары - делбе, ринопневмония;

5) шошқа аурулары - шошқа тұмауы, шошқа обасы, тілме, шошқаның вирустық гастроэнтериті, энзоотиялық энцефаломиелит (Тешен ауруы), шошқаның везикулярлы ауруы, шошқаның энзоотиялық пневмониясы, шошқаның гемофилезді полисерозиті;

6) құс аурулары - жұқпалы ларинготрахеит, құс шешегі, сальмонеллез, құс микоплазмозы.

2. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақұшалары өңдеуге жататын мал аурулары:

1) жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар - цистицеркоз (финноз);

2) ірi қара малдың аурулары - безнаитиоз;

3) шошқа аурулары - трихинеллез;

4) құс аурулары - Ньюкасл ауруы, құстың стрептококкозы;

5) терiсi бағалы аңдар мен үй қояндарының аурулары - қоянның стрептококтық септицемиясы, қоянның стафилакоккозы, спирохетоз;

6) бал арасының аурулары - аспергиллез.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 23 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7590 болып енгізілді.