11:53, 05 Қыркүйек 2013
Адам денсаулығының 15-30 пайызы генетикалық факторларға байланысты - Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы
АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгінде адам денсаулығының 40 пайызы оның өзіне тікелей байланысты. Денсаулық сақтау фестиваліне орай өткен бүгінгі баспасөз мәслихатында Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Сәбит Әбдірайымов осылай айтты.
«Бұл - Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының мәліметі. Адам денсаулығының 40 пайызы оның өзіне тікелей байланысты болса, 15-30 пайызы генетикалық фаторлардың әсері болып саналады. Денсаулықтың 15 пайызы қоршаған ортаға тиесілі. Ал дәрігерлердің көмегі тек 10 пайызды ғана құрап отыр», - дейді С.Әбдірайымов. Маман атап көрсеткендей, халықтың денсаулығы - қуатты экономиканың негізі. Осы қағидатты бүгінгі ұрпаққа барынша жеткізе білу керек.