Адам кішкентайынан еңбекке талпынса, алмайтын асу жоқ - «Нұр Отан» ХДП Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Сарқұлов

None
ОРАЛ. 31 шілде. ҚазАқпарат - Жалпыға ортақ ең­бек қоғамы идея­сы жас­тарды еңбекке баулу арқылы өз елінің болаша­ғына жауапкершілікпен қарай­тын, мемлекетшіл тұлға ретінде қалыптастыру болып отыр.

Елбасының қанша жыл өтсе де, еңбек мектебін ұмыту мүмкін емес деп айтуы ойға ой қосқан­дай болды. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Асланбек Сарқұлов мәлім етті.

Оның айтуынша, әрбір ата-ана баласының азамат болып өмірден өз орнын тапқанын қа­лайды. Бауыр еті баласына өнегелі тәр­­бие, сапалы білім беріп, оқуға тү­сіріп, жақсы қызметке орналастырып, бар­лық жағдайын жасап береді. Уақыт өте сол бала өмірден өз орнын таба ал­май, жұмысы алға баспай, сәт­сіздіктер­ге ұшы­­рап жатады. Ата-ана өз баласы­ның ба­сындағы сәтсіздіктерді қоғам­нан, мем­лекеттен көреді, ал тәрбие, бі­лім берумен қатар жас­тайынан еңбек­ке баулы­ма­ғандықтан болып жатқан жағ­­­дай­лар екенін түсінбейді. Ондай жәйт­тер қоғамда көптеп кездесуде. Аға буын алаңдаушы­лықпен айтып жүр­ген жастар ара­сындағы ажырасулар да осындай жағ­дайлармен байланысты ма деп ойлаймын. Қазақта «Еңбек - ырыстың бұ­лағы, Еңбек - бақыт­тың шы­рағы», «Еңбек пен ба­қыт егіз» де­ген сөз бар. Жастайынан ең­бек­ке араласқан бала барлық нәр­сенің қадір-қасиетін біліп, барды бағалап үйренеді.

«Мен үшін еңбек мектебінің орны бөлек. Әрбір бала асы­ға күтетін жазғы демалыс кезінде ата-анам  (екі әжем) ерте тұрғызып, өріске мал айдатып, күн ысығанша атқара­тын жұмыстар тап­сы­ратын. Сол кезде іштей достарым­ның ата-аналары ба­лаларын қат­ты жақсы кө­ре­тіндіктен ерте тұрғызбайды, ал менің ата-анам мені жақсы көр­мейтін болар деп ойлайтынмын. Жоғары сыныптарда оқып жүргенде, үйдегілердің айтуымен үш ай демалыста шөпке шығатынмын. Ол кезде жалақының орнына бидай, шөп беретін. Ата-анам қажеттісін алып, ар­тығын сатып, оқу құралдарын, киім-кешек  алып береді. Өз ақшаңа алған нәрсенің қадірін түсінесің және жаз­дың аптап ыстығында төккен терің есі­ңе түседі.

Студенттік кездегі жазғы де­малы­сымның барлығы студенттік құ­ры­­лыс жа­сағында өтті. Бел­сенділік танытып, қоғам­дық жұмыстарға ерте араласуым­ның нәтиже­сінде еңбек жо­лым­ды «Нұр Отан» партиясынан бас­тауыма мүмкіндік туды. Бала кезде естіп өскен «Жақ­сы көрген балаңды жұмсай бер» деген мақалды уақыт өте түсінгендеймін. Ең­бек мектебі - әр азаматтың тұлғалық қа­лып­тасуына, өмірден өз орнын табуына жолдама беретін үлкен өмірлік оқу орны. Осы орайда Елбасы «Бүгін­де еңбек - ХХІ ғасыр жағда­йын­дағы шешу­ші ұлт­тық фактор ретінде, жаһандық бә­секе­лестік жағдайында, алдыңғы ке­зек­ке іл­герілетілуі тиіс» деп бекер айт­паса керек»,- деді А.Сарқұлов.