Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі тағайындалды
13:45, 03 Наурыз 2025
ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Аталған лауазымға Мақсат Шәкірбаев келді.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығымен Шәкірбаев Мақсат Самитұлы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай, Президент адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдаған болатын.
Ал, Павлодарда адам құқықтары жөніндегі уәкілдің араласуымен 5 қылмыстық іс тоқтатылған.