Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығымен Шәкірбаев Мақсат Самитұлы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай, Президент адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдаған болатын.
Ал, Павлодарда адам құқықтары жөніндегі уәкілдің араласуымен 5 қылмыстық іс тоқтатылған.