Адам құқықтары саласындағы БҰҰ сарапшылары ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттерге қарсы жұмысты жоғары бағалады

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров адам құқықтарын қорғау саласындағы БҰҰ сарапшысы, «Азаптауларға қарсы күрес: Қазақстанда ұлттық алдын алу тетігін құру» жобасының іске асырылуын бағалау үшін келген Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінің өкілі Эмили Саммерспен кездесті,

деп хабарлайды осы ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы БҰҰ Конвенциясына біздің еліміз ратификациялаған Факультативтік хаттама аясында «Халықаралық түрме реформасы» (PRI) ұйымының қазақстандық омбудсменнің офисімен бірлесіп жүзеге асырған осы жобаның нәтижелерін оң бағалады.

Сондай-ақ Азаптауларға қарсы ұлттық алдын алу тетігін Қазақстанда құру мәселесі бойынша пікірталас өтті, қазіргі уақытта оның тұжырымдамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеуде.