НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең ҚР Сыртқы істер министрлігінде Халықаралық Адам құқықтары күніне арналған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның дөңгелек үстелі өтеді. Бұл туралы аталған ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның дерегінше, іс-шара ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен өтіп, оған Қазақстанда аккредиттелген халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпустың өкілдері қатысады.
«Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының Конституциясымен және қолданыстағы заңнамасымен кепілдік берілген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру, халықаралық стандарттарға сәйкес адам құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасу өтеді», - деді ол.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.