Адам құқықтары жөніндегі уәкіл 2010 жылғы есебін жария етті

АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанада басталған халықаралық конференцияда ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров 2010 жылғы жұмыстың есебін жария етті.

Оның хабарлауынша, өткен жылы адам құқықтарын бұзу бойынша халықтан түскен арыз-шағымдардың саны көбейді. Оның ішінде ауызша айтылған арыздардың көлемі 38 пайызға артты. «Талдау көрсетіп отырғандай, азаматтардан келіп түскен шағымдардың басым бөлігі сот және құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне, сондай-ақ тұрғын-үй саласындағы тәртіп бұзушылықтарға тікелей байланысты», - дейді А.Шәкіров.

Айта кетейік, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілге арызданған азаматтардың көбісі - Астана, Алматы және Қарағанды қалаларының тұрғындары.