Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров Қазақстандағы Финляндия елшісі Киннуненмен кездесті

АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров кеше Қазақстан Республикасындағы Финляндия Республикасының Төтенше мен Өкілетті Елшісі Микко Киннуненмен кездесті.

Сапар мақсаты адам құқықтары аясындағы, оның ішінде бірлескен жобалар шеңберіндегі, екі елдердің ынтымақтастығының болашағы мен жағдайын талқылау болды. Фин дипломаты алдағы қазан айында Астанада өтетін заң ұлықтылығына арналған халықаралық конференция туралы мәлім етті.

Сұхбат барысында жалпы өзара тиімді ынтымақтастыққа қызығушылық білдірілді, деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.