Адам құқықтары жөніндегі уәкіл балалардың құқықтарына қатысты үндеу жолдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбудсмен - бұл адам құқықтары бұзылды деген жерлерге барып, тексеру өткізіп, кейін сол заң бұзушылықтар мен олқылықтардың жойылуын бақылайтын құзыреті бар құрылым. Омбудсменнің дүниежүзінде кеңінен таралған дәстүрлі үлгісі осыған саяды.

2000-2002 жылдары БҰҰ Даму бағдарламасы мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтасты кеңейту, жаңа құрылымды құру үшін халықаралық сарапшылар тобын шақырылды. Бұл ретте БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы жаңа өкілі Фикрет Акчураның рөлі ерекше. Ол ҚР Президенті жанындағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссиямен арадағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөліп, Омбудсмен институтының құрылуына бар күш-жігерін салды.

2002 жылдың тамыз айында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 жылдығына орай сөз сөйледі. Өз сөзінде президент Омбудсмен институтының демократиялық мемлекеттерде бар екендігін айтты. Сондай-ақ, ол болашақта бұндай ұйым біздің елімізде де құрылатынын жеткізді.

ҚР Конституциясына сәйкес, ҚР Президенті шығарған жарлықтар ұлттық заңнаманың бөлінбес бөлігі болып табылатыны белгілі. Осыған орай, 2002 жылы қыркүйектің 19-да Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институтын құру жайында Президенттің арнайы жарлығы шықты.

Үстіміздегі жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Шәкіров Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Б.Сағынтаевтың атына балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер бойынша үндеу салып, өзінің ұсыныстарымен таныстырды.

Үндеуде қоғамдық пікірталас туғызған және Үкімет тарапынан шешуді талап ететін екі түрлі мәселе қозғалды:

1. Балаларды жағымсыз ақпараттық ортаның әсерінен қорғау. Атап айтқанда, Омбудсмен Интернет желісіндегі кең таралған ойындар кесірінен кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері туралы хабарлады. Сонымен қатар бұл жайында БАҚ-тағы жиі хабарламалар жөнінде қоғамның алаңдаушылығымен ортақтасты.

2. Омбудсмен бұл мәселенің әлдеқайда кең екендігін және оның шешімі терең талдау мен жүйелі тәсіл жүргізуді талап ететінін атап өтті.

Айта кетейік, Омбудсменнің поштасына балалар құқықтарының бұзылуы туралы арыздар жалпы келіп түскен арыздардың 6,7 % құрайды. Омбудсмен тұрақты негізде институттық мекемелерге адам құқықтарының сақталуына байланысты мониторингтік сапарды жүзеге асырады.

2016 жылы Омбудсменнің тапсырмасы бойынша аппарат қызметкерлері 17 жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеге мониторинг жүргізді. Институттық мекемелерде орналасқан балалар құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу Қазақстанда Омбудсменнің үйлестіру ролінің форматында құрылған ҰАТ шеңберінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, түрлі заңнамалық жаңалықтарды іске асыру кезінде бірінші орынға тиісті ақпараттық және ұйымдастырушылық ілесуді қамтамасыз ету мәселелерін қою қажет.

Биыл ҚР Білім және ғылымминистрілігінің бастамасымен 2017 жылғы 10 - 21 сәуір аралығында сәуірде республикамыздағы білім беру ұйымдарында дәстүрлі «Қауіпсіздік интернет» республикалық ақпараттық кампаниясы өтті. Балалардың құқықтары мен заңды мүддесін қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 8 71 72 74 25 28 сенім телефонына хабарласуға болады.