«Өкінішке қарай, ұстауға алынған және қамалған азаматтармен әңгімелесу барысында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету аясында тартылған кейбір адвокаттардың қорғау сапасы туралы шағымдар түсті», - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл «Хабар-24» телеарнасында өткен брифингіде.
Оның айтуынша, аталмыш жағдайды соттар мен тергеушілер істерді қарау кезінде ескеруі керек.
«Мұндай көмекке қол жеткізген азаматтардың көшілігі өз адвокаттарының аты-жөнін, олармен кері байланысатын контактілерді білмеген. Атап өтсек, заңнамаға сәйкес, мәжбүрлеу арқылы алынған барлық дәлелдер жарамсыз болып табылады. Тағы да қайталап өткім келеді, шағыммен келгендердің қайта құрбан болуына жол бермеуіміз керек», - деді Эльвира Әзімова.