Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Сенат депутаты болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Асқар Шәкіров ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен ҚазақстанРеспубликасы Парламенті Сенатының депутаттары болып Нұртөре Байтілесұлы Жүсіппен Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды»,-делінген хабарламада.

Асқар Оразалыұлы Шәкіров осыған дейін ҚазақстанРеспубликасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарып келгенболатын.

Ол Қарағанды қаласында туған. М.В.Ломоносов атындағыМәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка елдері институтын,КСРО Ішкі істер министрлігі академиясының адъюнктурасын бітірген. 1978-1987жылдары - КСРО Ішкі істер министрлігі академиясының адъюнкты, инспекторы, ағаинспекторы, ғылыми қызметкері. 1987-1989 жылдары - КСРО Ішкі істер министрлігісыртқы байланыс бөлімінің, 1989-1992 жылдары - КСРО Ішкі істер министрлігіБүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты бөлімінің бастығы.

1992-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқыістер министрлігінің Келісімшарт-құқық басқармасы бастығының орынбасары,басқарма бастығы. 1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасының КорейРеспубликасындағы Уақытша Сенімді Өкілі, 1996 жылы Қазақстан РеспубликасыСыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі. 1996-1998жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 1998-2004жылдары - Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше жәнеӨкілетті Елшісі. 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істервице-министрі. 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеденкомитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

КСРО-ның ІІІ дәрежелі «За безупречную службу»медалімен, Қазақстан Республикасының «Астана», «Ерен еңбегі үшін», «ҚазақстанРеспубликасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Халықаралық әскери достастықтыдамытқаны үшін» медальдарымен, Ресей Федерациясының «За укрепление таможенногосодружества» медалімен, Қырғызстан Республикасының «За укрепление таможенногосотрудничества» медалімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар