Адам құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - 1948 жылдың желтоқсан айында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдадаған адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына орай  Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы университеттің «Тарих және құқық» факультеті «Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғау: өзекті мәселелері мен жетілдіру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоғарғы оқу орнының профессоры Мұстафа Матаев, облыстық ішкі саясат басқармасы басты­ғының орынбасары Нұрхан Жәлиев тақырыпқа байланысты ой-пікірлерін білдірді. Облыстық про­куратураның жауапты қызметкері Оңдасын Көмекбай адам құқықтарын қорғау проку­ратура органдарының ең басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Үстіміздегі жылдың 9 айында про­курорлар әлеуметтік-экономикалық са­ладағы заңды­лықтарды қадағалау бойынша 639 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 13636 құқық­ бұзу­шылық анықталған. 13071 аза­маттың конс­титуциялық құқығы мен заңды мүдделері қорғалған. Мемлекетке келтірілген 5,7 млрд. теңге шығынның орны тол­ты­рылған. Сондай-ақ 1823 лауазымды тұлға түрлі жауапкер­шілікке тартылды.