Адам құқын қорғау - терроризммен күрестің ажырамас бөлігі - Н. Зарудна

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Адам құқын қорғау  терроризммен күрестің үйлесімді шарасы ғана емес, ол осы бағыттағы күрестің ажырамас бөлігі болып табылады.

Бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан конференция барысында сөз сөйлеген астанадағы ЕҚЫҰ орталығының жетекшісі Наталья Зарудна осылай мәлім етті.

Орталық жетекшісінің айтуына қарағанда, ЕҚЫҰ Астана декларациясынде Ұйымның терроризмге қарсы әрекеттерінің өзектілігі ерекше аталып өтіледі. «ЕҚЫҰ құжаттарында айрықша аталып өтілетін адам құқын қорғау мен оны дамытудың өзі терроризмнің алдын алудағы аса тиімді құралдың бірі болып табылады. Тоқтала кететін жайт, 2010 жылы Астанада Қазақстанның төрағалығының аясында терроризммен күрес мәселелері жөніндегі тиімді саясат пен озық тәжірибелерді, нәтижелі стратегияларды талқылаған сараптамалық конференция өткен еді. Оның барысында да халықаралық сарапшылар адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарды бұзатын терроризмге қарсы шаралардың тиімділігін атап өткен болатын», - деді Н.Зарудна.

ЕҚЫҰ Орталығының басшысы бұл ретте лаңкестердің әрекеттеріне жауап ретінде мемлекет адам заңын қатайтпайтын болса, онда терроризмді өз мақсаттарына жеткізіп, мемлекет жеңіліс табуы әбден мүмкін екендігін алға тартты. «Құқық қорғау органдары төніп тұрған қатерге кәсіби түрде жауап берулері қажет. Алайда, бұндай жауап адам құқы мен бостандығына негіз болған Конституцияның кепіліне зияны тимеуі шарт», - деді ол.