Атап айтқанда, сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобаларына бірауыздан дауыс берді.
«Мемлекет басшысы адам құқықтарын қорғауға үнемі баса мән беріп келеді. Бүгін қаралған 4 заң жобасы Президентіміздің тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленді. Олар елімізде адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жаңа құқықтық ортасын қалыптастырады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық мәртебесі мен қызметінің негіздерін дербес заңнамалық актіде бекіту арқылы ұлттық құқық қорғау институтын жаңғырта аламыз. Осы құжаттар арқылы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілеттіктері және адам мен азаматтың бұзылған құқықтарын қорғаудың тетіктері елеулі түрде кеңейтіледі деп жоспарланып отыр. Қабылданған нормалар толықтай халықаралық стандарттарға сай келеді», - деп атап өтті заң жобалары қабылданғаннан кейін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Айта кетейік, бүгін Сенат «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасына түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарған болатын.