Адам өліміне күдікті Ресейде ұсталды – Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Тергеу мәліметтері бойынша Успен ауданының тұрғыны ашық далада танысына бірнеше рет оқ атып, бой тасалап жүрген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарлық полицейлер ресейлік әріптестерімен бірлесеосы іске қатысы бар күдікті ер азаматты қолға түсірді.

«Полицейлер адам өлтірген деген күдіктінің қай жердежүргенін анықтады. Ер адам Ресей Федерациясы аумағында бой тасалап жүрген жәнесол жерде ұсталды»,- деді полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Күдіктіні анықтап, оның жүрген жерін табу үшінполицейлерге бір апта уақыт жетті.

Күдікті тұлға Қазақстанға экстрадицияланды.

Айта кетейік,жыл басынан бері павлодарлық полицейлер 90 қылмыскерді ұстап, хабар-ошарсызкеткен 34 адамды тапты.