Қайғылы оқиға 2017 жылғы 2 қарашада Қарамеңді ауылында болған. Күдікті достарымен алкогольдік ішімдік ішіп, Әулиекөл бағытындағы тас жолға шығады.
«Ол рульге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Салдарынан 21 жастағы қыз оқиға орнында қаза тапты. Сот талқылауы барысында прокурор мен айыпталушы кінәні мойындау туралы шарт түріндегі процессуалды келісімге келді. Күдікті айыбын толық мойындап, алға тартылған деректерді растап, қылмыспен жасалған залалдың орнын толық толтыруға көнді», - делінген хабарламада.
Науырзым аудандық соты жүргізушіні кінәлі деп тауып, 2 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырды. ҚР КҚ 63-бабына сәйкес, күдіктіге пробациялық бақылау орнатылды.