АСТАНА. ҚазАқпарат – Адам өлтірді деп айыпталған актер Алек Болдуин ақталды. Бұл туралы оның адвокаттары мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Washingtonpost-қа сілтеме жасап.
«Алек Болдуинге қатысты істің жабылуы туралы шешімге ризамыз және осы қайғылы оқиғаның фактілерін тиісінше тергеуге шақырамыз», - деп мәлімдеген актердің адвокаттары Люк Никас пен Алекс Спиро.
Еске салсақ, Санта-Фе қаласының (Нью-Мексико штаты) маңында жүргізілген «Тот» вестернінің түсірілімі кезінде оператор Галина Хатчинс қайтыс болған еді. Оны продюсер және картинадағы басты рөлді сомдаушы, танымал Голливуд актері Алек Болдуин байқаусызда атып алған. Осы оқиғаға байланысты Алек Болдуинге айып тағылды. Түсірілім алаңындағы қару-жараққа жауапты Ханна Гутьеррес-Ридке де осындай айып тағылатыны хабарланған болатын.
Айта кетсек, фильмнің түсірілімі осы аптада Монтанада жалғасып, Болдуин актер әрі продюсер ретінде алаңға оралуы мүмкін.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.