Іс материалдары бойынша, былтыр шілдеде петропавлдық М.Макентаев өзінің пәтерінде танысымен бірге ішімдік ішеді. Олардың арасында жанжал шығады. Макентаев пышақпен қонақтың басы мен мойнынан жарақаттайды.
«Қылмысын жасыру мақсатында М.Макентаев 28-29 шілде аралығында қол арамен мәйітті бөлшектеп, оларды полимерлік пакеттерге салады. 2017 жылдың 30 шілдесінде оны пәтерден алып шығып, орманға апарып тастайды», - делінген іс материалдарында.
М. Макентаев 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режімдегі түрмеде жазасын өтейді.
Зардап шегуші тарапқа моральдық шығыны ретінде 2 млн теңге өндірілді.