«Мен кітап оқуды алдымен журналдардан бастағам. Содан кейін 2-3 кластарда ертегілерді оқып кітапқұмар болып өстім. Оқымыстылардың «Кітап оқымаған адам қараңғы бөлмеде тұрғандай» деген сөзіне толық қосылам. Өйткені әрбір адам отаншылдық пен сүйіспеншіліктің тәлім-тәрбиесін ең алғаш кітаптан алады», - дейді Б.Оспанов. Балалар әдебиетін дамыту мақсатында дәстүрлі түрде жыл сайын «Дарабоз» байқауын ұйымдастырып жүрген Бауыржан Кеңесұлының сөзіне қарағанда, 1 мыңға жуық шығармалар қатысатын бұл байқаудағы туындылардан мультфильм, спектакль, кино түсіруге де болады.
12:25, 24 Желтоқсан 2013
Адам отаншылдық пен сүйіспеншіліктің тәлім-тәрбиесін ең алғаш кітаптан алады - Б. Оспанов
АЛМАТЫ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кітап оқу мәдениетін дамытуға насихат керек. «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медалінің иегері, «Zhersu» инвестициялық-өндірістік корпорациясының бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспановтың айтуынша, алдыңғы аға буындарда кітап оқу мәдениеті жоғары болған еді. Нарықтық кезеңде баяулап кеткен бұл үдерісті қайта жандандыру керек.