«Жатыр мойны обыры — бұл алдын алуға болатын жалғыз қатерлі ісік. Адам папиллома вирусының 200-ге жуық түрі бар, оның 14-і адам үшін қауіпті. Вирус жатыр мойны обырын ғана емес, сонымен қатар ауыз қуысы мен сыртқы жыныс мүшелерінің қатерлі ісігін де тудырады», — дейді дәрігер.
АПВ жатыр мойны обырына әкелетін вирус. Сонымен қатар вульва, қынап, анус ісігін тудыруы мүмкін.
«АПВ қарсы вакцина жыныс мүшелерінің кондиломасын тудыратын АПВ түрлерінен қорғайды. 2024 жылдың күзінен бастап Қазақстанда қыздарды жатыр мойны обырына қарсы вакцинация басталады», — дейді Райхан Болатбекова.
Осыған дейін адам папилломасы вирусына қарсы екпе алған алматылықтардың ана атанғанын жазған едік.