ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Эпидемиологиялық бақылау комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда жүргізілген зерттеулерді қоса алғанда, көптеген зерттеулердің нәтижелері вакцинаны алмаған әйелдерге қарағанда, АПВ-ға қарсы вакцинация алған әйелдердің репродуктивті денсаулығы жақсы болатыны көрсетеді.
Көптеген әлемдік зерттеулер (Данияда, Канадада, АҚШ-та және т.б.): бала туу қабілетінің бұзылуымен, аналық бездің сарқылу синдромымен немесе басқа репродуктивті бұзылулармен байланыстың болатынын көрсетті.
Бұл тұжырымдар АПВ-ға қарсы вакцинацияның тиімділігі жоғары екенін және оның қауіпсіз екенін растайды. Екпе алған әйелдердің денсаулығына пайдалы әсер ететінін, сонымен қатар АПВ-ға қарсы вакцина бедеулікке әкелмейтінін растайды.
«Әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды және барлық азаматты ресми көздердегі сенімді ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз»,-делінген хабарламада.