«Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесінде адам папилломасы вирусы ауруына қарсы екпесі енгізілсін», - делінген Үкімет қаулысында.
Құжаты 3 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.
Қоса кетсек, бұған дейін елімізде 11 жастағы қыздарға адам папилломавирусына қарсы вакцина салу жоспарланып отырғанын мәлімдеп едік. Екпемен нысаналы топтың кемінде 95%-ы қамтылады. Вакцинация жүргізілетін мерзім – 2023-2025 жылдар аралығы.