Адам саудалаушылардың бірқатары заң жүзінде жауапқа тартылмай отыр - Г.Әбдіхалықова

None
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Бүгінде Қазақстан БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес конвенциясы мен оның қосымша құжаттарын ратификациялады. Сондай-ақ елімізде адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу мен онымен күреске бағытталған арнайы жоспар да бар.

Соған қармастан үкіметтік емес ұйым өкілдері адам саудалаушылардың талапқа сай жауапқа тартылмай отырғандығын айтуда»,-деді бүгін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мәжілісінда аталмыш комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова.

Оның мәліметтеріне қарағанда, 2009 жылы елімізде 24 адам саудалаушы сотталған. Олардың 20-сы адамдарды сексуалдық мақсаттарға, ал 3-уі жұмысқа салу үшін саудалаған. «Соған қарамастан, аталған азаматтардың бірқатары талапқа сай жауапқа тартылмаған»,-деді комиссия төрайымы.