«Кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығы мен имандылығына қарсы, жыныстық қол сұғылмаушылық қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін соттылығы бар немесе болғандар бала асырап алу жөніндегі агенттік филиалының және өкілдігінің қызметкерлері бола алмайды. Сондай-ақ, олар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету жөніндегі ұйымның қызметкерлері бола алмайды. Сонымен қатар, білім беру, тәрбиелеу және дамыту, демалу мен сауықтыруды ұйымдастыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, кәмелетке толмағандардың қатысуымен мәдениет және өнер саласындағы ұйымдарға жұмысқа орналасуға жол берілмейді», - делінген заңда.
Айта кетейік, ашық талқыға шығарылған заң адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге және саладағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған.
Құжат 27 ақпанға дейін ашық талқылауда болады.