Адам саудасымен күрес тиімділігін арттыру үшін бұл қылмыс түрін аса қауіпті әрі тиімсіз ету керек - конференция

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сербия прокурорлары қауымдастығының өкілі Марин Матичтің пікірінше, адам саудасы кірісі өте жоғары қылмыстардың бірінен саналады. Сондықтан онымен күрес тиімділігін арттыру үшін бұл қылмыс түрін аса қауіпті әрі тиімсіз ету керек. Бұл пікірін қауымдастық өкілі бүгін елордадағы «Риксос» қонақ үйінде өтіп жатқан Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріне арналған прокурорлардың халықаралық қауымдастығының 6-шы өңірлік конференциясы барысында білдірді.

Оның сөзіне қарағанда, көптеген мемлекеттердің прокуратура қызметкерлері азаматтарды адам саудасынан қалай қорғау қажеттігін біледі және оның қажеттігін жақсы сезінеді. «Бұл ретте біз үшін

ең күрделі мәселе - балалардың да адам саудасының нысанына айналуы. Сербиядағы адам саудасынан зардап шеккендер мәселесімен айланысатын үкіметтік емес ұйымның мәліметтерінше, 2001-2010 жылдар аралығында Сербияда 12 мың 500 адам көмек сұрап келген. Сондай-ақ осы уақыт аралығында адам саудасынан зардап шеккен 360 адам анықталды»,-деді қауымдастық өкілі.

Оның айтуынша, бүгінде Сербияда адам саудасының құрбанына айналғандардың 38 пайызы - балалар.