Адам саудасына байланысты ақпараттарды 11616 нөміріне кез-келген телефоннан хабарлауға болады

None
АСТАНА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанада өтіп жатқан Халықаралық адам саудасының құрбандары күніне арналған баспасөз мәслихатында «Дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің Басқарма төрайымы Зүлфия Байсақова адам саудасына байланысты ақпараттарды 11616 телефона арқылы құзырлы органдарға хабарласуға болатындығын атап көрсетті.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш нөмірге кез-келген стационарлық немесе ұялы телефоннан хабарласуға болады. Сонымен қатар тағы жедел байланыс жүйесі бойынша 8 8000 8000 15 нөміріне де тегін ақпарат беруге болады. «Аталмыш телефон нөмірлері тәулік бойы жұмыс істейді. Оған телефон шалу арқылы адам саудасына қатысты мәліметтер беріп, немесе керісінше адам саудасымен байланысты әрекеттерден қалайша сақтанып жүруге болатындығы жөнінде құнды ақпараттар алуға болады», деді З.Байсақова.