Адам саудасына қарсы тұру мәселесінде ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің құқық қорғау органдары өзара іс-қимылды күшейтуі қажет

АНА. 27 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Адам саудасына қарсы тұру мәселесінде ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің құқық қорғау органдары өзара іс-қимылдарын күшейтуі қажет.

Бұл пікірді бүгін елордада өтіп жатқан ЕҚЫҰ Саммиті қарсаңындағы Шолу конференциясының «Мигранттарға қатысты төзімсіздік» сессиясында сөз алған ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның мүшесі Гүлзи Нәби білдірді.

«Сонымен қатар жүйелі және тұрақты түрде адам саудасының құрбандарының құқықтарын қорғаудың бірлескен тетіктерін әзірлеу қажет», - деді ол.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта әлемде адам саудасы мәселесі өте өткір көтеріліп отыр. Өйткені бұл жасырын мәселе және де тіпті саудаға ұшыраған адамдар, әсіресе балалар оны жете түсіне бермейді.

«Ересектерге қарағанда балалар психологиялық және материалдық тұрғыда әлсіздік танытады», - деді Г.Нәби.