Келісім бір маусымға есептелген. Ол 2026 жылдың 31 мамырына дейін күшінде болады.
Америкалық қақпашының кәсіби мансабы «Даллас Старз» жүйесінде басталды. Өткен маусымда Шил Америка хоккей лигасында «Колорадо Иглз» сапында ойын көрсетіп, 14 матчта қақпаға бағытталған соққылардың 90,4%-ын тойтарды.
Сондай-ақ ол Британдық Колумбия жағалауы хоккей лигасының «Юта Гриззлис» клубында 19 кездесу өткізді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» хоккей клубы канадалық қақпашы Оливье Родригпен келісімшартты бұзды.
«Барыс» хоккей клубы канадалық қақпашы Оливье Родригпен биыл біржақты келісімшарт жасасты. Келісім бір маусымға есептеліп, 2026 жылғы 31 мамырға дейін күшінде болуы тиіс еді.
Қақпашы «Эдмонтон Ойлерз» жүйесінен келді. Бұл клуб оны 2018 жылғы драфтта таңдаған. Өткен маусымда Оливье ҰХЛ-де алғаш рет мұз айдынына шығып, сондай-ақ АХЛ-дағы «Бейкерсфилд Кондорс» сапында 41 ойын өткізді.