Адам тонаған қызылордалық 4 жылға сотталды
Сотта, азамат А. сыбайласы Ж-мен бірге жәбірленуші Б-ға бірнеше мәрте соққы жасап, жерге құлатып, денесінің әр жерінен соққы жасап құлаған сәтте құны 1800 теңге тұратын ішінде 150 000 теңге ақшасы бар қара түсті қол сөмкесін ашық түрде тартып алып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы тонау, жәбірленушінің денсаулығына күш қолдану арқылы, бөтен мүлікті ашық жымқырғаны анықталды.
Сот үкімі бойынша сотталушы А. ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оның мүлкін тәркілеп, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Сондай-ақ, ҚР ҚК-нің 60-бабы қолданылып, Қызылорда қаласының №2 сотының 06.04.2016 жылғы үкімімен тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігі ішінара қосылып, түпкілікті мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Қызылорда қалалық №2 сотының баспасөз қызметінен.