Адам-ультрамарафон АҚШ пен ҚР арасындағы достықтың 25-жылдығы құрметіне Жібек жолын бойлай 525 шақырымға жүгіреді (ВИДЕО)

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адам-ультрамарафон Дин Карназес АҚШ пен ҚР арасындағы достықтың 25 жылдығы құрметіне Жібек жолын бойлай 525 шақырымға жүгіреді.

«Үш ел және достыққа 25 жыл құрметіне 525 шақырым. Қосылыңыздар, бізбен бірге мерекелеңіздер!», - деп жазып, Фейсбукке ультрамарафон Дин  Карназесті салды  Алматыдағы АҚШ консулдығы.

Аты аңызға айналған Дин Карназес 12 күнде Жібек жолын бойлай 525 шақырым жүгіреді, ол үш ел: Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстанды қамтиды.

Оны #dean525 хештегі бойынша көруге болады.

Дин Карназес әлемде ұзақ қашықтықтағы белгілі желаяқ болып табылады. Оның есебінде рекордты жарыстар көп.    Бұл ретте ол 30 жасында спортпен нақты айналыса бастады. 

Карназестің жетістіктері:   43 жасында тоқтаусыз 560 шақырым жүгірді, үш түн ұйықтамады,   3 келі тастап, 40 мың килокалория жоғалтқан;   44 жасында  АҚШ-тың әр штатында 50 күнде 50 марафон жүгірді;  49 градус ыстықта калифорниялық Өлім аңғарында жүгірді.  Оңтүстік Полюстің алғашқы, бір-ақ рет өткен марафонына қатысып, екінші орын алды.