Ведомствоның атап өтуінше, Жамбыл облыстық ішкі істер департаментіне облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны белгісіз біреулердің күйеуін ұрлап, 200 мың теңге бопсалап отырғандығы турасында арыз берген. Құқық қорғау қызметкерлері арнайы іс-шара ұйымдастырып, бопсалаушыларға ақша беру барысында ағайынды екі азамат қолға түсті.
«Қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау орнын қамалды», - делінген ведомство ақпаратында.