Маманның айтуынша, IQ деңгейі төмен және жоғары адамдар да алаяқтардың құрбаны болып жатады.
«Адам өзін неғұрлым ақылды және білімдірек санаса, соғұрлым алаяқтардың құрбаны болу ықтималдығы жоғары болады, өйткені оның миы сақтық үшін жабық. Ол өзін басқалардан жоғары қояды және оның ешқашан басынан өтпейтініне сенеді. Алаяқтардың көздейтіні де осындай адамдар», — деді Евгений Питолин бағдарлама барысында.
Сондай-ақ, спикерлер интернет-алаяқтардың құрбаны болмас үшін керек негізгі кеңестерді айтты.
- Күдікті қоңыруға жауап бермеңіз. Нөмірді тану үшін көптеген қосымшалар бар.
Әрқашан салқынқандылық танытып, асығыс шешім қабылдамаңыз.
Ақпаратты екі рет тексеріңіз. Хабарлама туралы білу үшін іздеу жүйесін пайдаланыңыз, бұрын осындай алаяқтыққа түсіп қалғандар бар-жоғын анықтаңыз.