Адамдар енді су астында ұзақ жүре алады

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Ғалым өзінің өнертабысының арқасында адамды су перісіне айналдыра аламын дейді. Кәріс дизайнері Дже Бьюн Ен адамның су астында біраз уақытқа дейін демалуына мүмкіндік беретін бірегей құрылғы ойлап тапты. Бұл аспап Triton деп аталады, деп жазады meddaily.ru.

Аталмыш құрылғыны қалыпты респираторға қарағанда, қолдану әлдеқайда қолайлы. Triton оттегіні мөлшері су молекуласынан аз кішкене тесікшелермен жіңішке жібі бар сүзгі арқылы шығарады.

Өте кішкентай, бірақ қуатты оттегі шығаратын компрессор, әрі шыққан оттегіні резевуарда сақтайды. Ол батареямен жұмыс істейді, бірақ кәдімгі батареялардан көлемі 30 есе кіші.

Әзірлеушінің айтуы бойынша, жүйе адамды су перісіне айналдырғандай әсерге бөлейді екен.