Адамдар көп жиналатын орындардың теракттен қорғалуын одан әрі күшейту шаралары талқыланды - ҰҚК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының он төртінші отырысын өткізді, деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.

Консультативтік-кеңесші органның жұмысына ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Б. Ермекбаев, Бас прокурор А.Қ. Дауылбаев, министрліктер мен ведомстволардың басшылары қатысты.

Отырыста адамдар көп жиналатын орындардың, сондай-ақ аса маңызды объектілердің терроризмнен қорғалуын одан әрі күшейту шаралары талқыланды. Осы мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бағыттары айқындалды.

Терроризмге қарсы орталықтың 2015 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды. Терроризмге қарсы іс-қимыл шараларының жалпымемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру қадамдары белгіленді.