елорданың Орталық базарында болған өрттің негізгі себептерінің бірі - өрт сөндіру қызметінің уақытында шақырылмауы екендігін айтты.
«Қарағанды қаласындағы - «Электроника әлемі» ЖШС, Атыраудағы - «Хозяюшка», Шымкенттегі - «Бекжан» және Астана қаласындағы Орталық базарда болған өрт оқиғаларын зерделеу барысында оның негізгі себептері анықталды. Ол - қауіпсіздік және күзет мамандарының өрт сөндіру қызметін уақытында шақырмауы. Соның салдарынан тілсіз жау өршіп, өртке оранған нысандардың саны көбейді. Негізі, аталған сауда орындарының барлығында да өрт қауіпсіздігі автоматикасы болған. Ал күзет тәулік бойы жүргізілді», - дейді В.Беккер.