Адамдар жасыл энергия, таза су үшін төлеуге дайын болуы керек – Нобель сыйлығының лауреаты
Нобель сыйлығының лауреаты, №1 климат және тұрақтылық бойынша сарапшы Рае Квон Чунг Астанада өтіп жатқан Nobel fest фестивалінің құрметті қонақтарының бірі. Өз баяндамасында сарапшы су тапшылығы, жасыл энергия тақырыбын қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Су жетіспеушілігі әлемдік деңгейдегі маңызды проблема. Бұл жерде климаттың өзгеруі мәселесі тіпті нашарлай түседі. Бұл Орталық Азия елдеріне теріс әсер етеді. Мәселені қалай шешуге болады? Бұл саяси және әлеуметтік консенсусқа байланысты. Қалай болғанда да, мемлекет суды қайта өңдеу, сумен қамту, жаңбыр суын жинау бойынша төлем жүргізу керек. Бұл әдістер қазірдің өзінде қолжетімді. Тек елдер ақша жинауды, инвестицияларды су тапшылығы мәселелерін шешуге қалай бағыттау керектігін білмейді», - деді Рае Квон Чунг БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Оның айтуынша, адамдар су проблемасын Үкімет және бизнес өкілдері шешеді деп күтеді.
«Тұтынушылар жауапкершілікті сезініп және жасыл энергия үшін төлеуге дайын болуы керек. Сол үшін де мен жасыл тариф енгізуді, су және жасыл энергия бойынша жоғары бағаны қоюды ұсынамын. Экологиялық апаттарды тек Үкімет пен бизнес шеше алмайды, бұл жерде тұтынушылар да қатысу қажет. Адамдар энергия, таза су және азық-түлік үшін төлеуге дайын болуы керек. Қазақстан қазірдің өзінде су тапшылығын, әдеттен тыс ыстықты, су тасқынын, орман өрттерін бастан кешуде. Істі қазірден қолға алмаса мәселе сайын нашарлай түседі», - дейді ол.
Айта кетейік, Астанада дәстүрлі Nobel fest фестивалі өтіп жатыр.
Алтыншы рет ұйымдастырылған шараға арнайы шақырылған Нобель сыйлығының лауреаттары, ғалымдар, бизнес өкілдері қатысуда.