«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенше үй тұрғындары Людмила Чепкова мен Ақтай Маликзатова жедел түрде адамдарды үйден шығара бастаған. Нәтижесінде 13 адам, соның ішінде, 3 бала құтқарылды. Төнген қауіпке қарамастан, нәзік жандылар батылдық танытып, құтқарушыларға эвакуация барысында көмектесті», - делінген ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінде.
Елорданың ресми сайтының жазуынша, өрт кезіндегі білікті әрекеттері мен өртке қарсы қызмет мамандарына көрсеткен көмектері үшін Өрт сөндіру және апаты-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Серікжан Тұраров Людмила Чепкова мен Ақтай Маликзатоваға ҚР ТЖ министрі Владимир Божконың атынан алғыс хаттар табыс етті. Сонымен қатар ол мұндай төтенше жағдай қаупі төнген кезде кез келген адам тәуекелге бара бермейтінін айтып, азаматшаларға ризашылығын білдірді.