Адамдарға деген сенiмдi ешқашан жоғалтпау керек
Дәл сол сәтте жел тұрып, ақшаны көкке көтерiп алып кеткен. Бiрақ ары-берi жүрген жүргiншiлер желмен ұшқан ақшаны қуып жүрiп ұстап, оны иесiне қайтарып берген. "Мен құлап түскеннен кейiн жедел басымды көтердiм. Ақшамның аспанда ұшып жүргенiн, ал адамдардың секiрiп, оны ұстап жатқанын көрiп: "Жаңа ғана осы ақша менiң қолымда болды ғой?!." деп ойладым. Ақшадан айырылғаныма қапысыз сендiм әрi көндiм де. Шынымды айтайыншы, адамдар маған ақшаны қайтарып берiп жатқанда қатты таңғалдым. Көлiгiме отыра сала жандәрмен қайтарылған ақшаны санасам... бiр мың фунтқа 20 фунт қана жетпейдi екен...", - дейдi Иствудтың өзi.
Жүргiншiлер Сэлфорд Барри Иствудқа ақшасымен қатар құжаттары мен банк қағаздары салынған әмиянын қайтарып берiптi. Иствуд құлаған кезде әмияны да асфальтқа ұшып түссе керек.
Барри Иствуд журналистерге адамдарға деген сенiмiн ендi ешқашан жоғалтпайтынын мойындады.