Арнайы тетіктер орнатылған роботтар үйінді астында қалған адамды іздеп табуға қабілетті. Іздестіру барысында құлтемір өз пішінін өзгертіп, қажет жағдайда тікбұрыш, төртбұрыш немесе сопақ күйге ене алады.
Бұған қоса, ғалымдар елгезек машинаны бейнекамерамен әрі аудиожүйемен жабдықтаған. Роботтарға радиация да тосқауыл емес. Мәселен, зілзала жайпаған Жапония үшін мұндай машиналар - таптырмайтын көмекші болар еді.