Адамды қорқытып, тонап кеткен қарақшылар ұсталды - Алматы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қарақшылық жасап, үй тонады деген күдікпен екі адам ұсталды. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметінен хабарлады.

Қарақшылық қылмыс осыдан 4 күн бұрын Түрксіб ауданында болған.

"Олар 50 жастағы ер адамның жекеменшік үйіне басып кіріп, күш қолдана отырып, "Тойота Авенсис" көлігін, ұялы телефонын тартып алған. Қылмыс жасаған жерлерінен ұрланған көліктеріне мініп тайып тұрған. Осы оқиғаға байланысты құрылған жедел тергеу тобы күдіктілердің кім екендігін бірден анықтады. Олар 37 жəне 41 жастағы ер адамдар болып шықты. Қазір күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды. Екінші адам іздестіріліп жатыр",- деді қалалық ПД қылмыстық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Аталған дерек Түрксіб ауданы қызметкерлерімен ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу ісі реестріне тіркелді.