Адамды құшақтау күйзелістің алдын алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Карнеги Меллон университетінің зерттеушілері құшақтасудың адам денсаулығын жақсартуға әсері бар-жоғын анықтаған.

Нәтижесінде жиі құшақтасатын адамдар күйзелістен пайда болатын инфекциялық ауруларды жұқтыра қоймаған. Ғалымдар адамдардың бір-біріне деген жылы алақаны мен құшағы жақын байланыстың белгісі дейді, деп хабарлады Psych Central .

Жақындарының жылылығын сезбеген адам вируспен күресуге әлсіз келеді. Қолдау көрген адам күйзелісті де еңсеруге қабілетті бола түсетіні жайлы деректер бар. Құшақтасу адам иммунитетін көтереді дейді мамандар.

Тәжірибеге 404 ересек адам қатысқан. Еріктілер сауалнама толтырады. Екі апта бойы олардан қанша рет құшақтасқаны мен ренжіскендері жайлы күнде ақпарат алынып отырған.

Әлеуметтік қолдау көрген адамдарда жиі ұрыс-керіс салдарынан орын алатын күйзеліс кезінде жұғуға бейім инфекция тәуекелі едәуір төмендеген.

Құшақтасу адам баласына аса қажет. Ол адамды емдеп, бақыт сезіміне бөлейді, адам қамқорлықты, жылылықты сезінеді.