ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің директоры Саясат Нұрбек осылай деді.
«Адами капиталдың дамуы - Қазақстанның жаңа онжылдықта дамуының ілгерілетуші факторы және бұл туралы Елбасы Жолдауында айтылып отыр», дейді С.Нұрбек.
Елдің зияткерлік және инновациялық әлеуетін жасаудың негізін мамандар дайындайтын білім беру жүйесі құрайды. Еліміздің орнықты дамуы сол мамандардың біліктілігіне байланысты. Олардың шығармашылық күші, отансүйгіштігі және жоғары кәсібилігі - еліміздің ілгері дамуының негізгі ресурсы, деп санайды Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің директоры Саясат Нұрбек.